Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі (Жоба) (2003 ж. 30 мамыр) (күші жойылды)

Предыдущая страница

6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.

126-бап. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту

1. Мәслихат облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы мәслихаттың тексеру комиссиясының есебiн алғаннан кейiн бiр ай iшiнде өткен қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы әкiмдiктiң жылдық есебiн мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

2. Есептi қараған кезде мәслихат:

облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы әкімдік уәкілеттік берген тұлғалардың (тұлғаның) баяндамасын;

мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнің атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы баяндамасын;

мәслихат уәкiлеттiк берген тұлғасының (тұлғаларының) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындылайтын баяндамаларын тыңдайды.

Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.

3. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн мәслихаттың сессиясында бекітіледi.

4. Мәслихат өткен қаржы жылы iшiнде жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиістi шаралар қабылдауы қажеттiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.

25-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы

туралы есеп беру

127-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi табыс ету

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөніндегі жергілiктi уәкiлеттi органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептердi әкiмдiкке, сондай-ақ ақпарат түрiнде мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың бюджеттiң атқарылуы жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті органына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi өткеру жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 наурыздан кешіктiрмей өткен қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi әкiмдiкке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органға қосымшалармен бiрге табыс етедi.

3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бекітілген, нақтыланған, түзетiлген бюджетiн және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң кассалық атқарылуын көрсетедi.

4. Өткен қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есепке:

түсiндiрме жазба;

жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.

5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiгi жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 сәуiрден кешiктiрмей өткен қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына және облыстың бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына табыс етедi.

128-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қарау және бекіту

1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң өткен қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есебiн мәслихаттың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есебiн алғаннан кейiн бiр ай iшiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.

2. Есептi қараған кезде мәслихат:

аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы әкiмшiлiк уәкiлеттiк берген тұлғалардың (тұлғаның) баяндамасын;

мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы баяндамасын;

мәслихат уәкiлеттiк берген тұлғаның (тұлғалардың) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындылайтын баяндамаларын тыңдайды.

Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.

3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн мәслихаттың сессиясында бекітіледi.

4. Мәслихат өткен қаржы жылы бойынша жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қолдануы қажеттiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.

26-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы

және пайдаланылуы туралы жылдық есеп

129-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есептi жасау

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасы Үкіметі жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 сәуiрден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жасайды және сыртқы бақылау жүргiзу үшiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне табыс етедi.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды:

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы есептi;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруы бойынша қызметi туралы есебiн;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректердi қамтиды.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есептiң нысандары мен оны жасау тәртібін Үкiмет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісім бойынша бекiтедi.

130-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті табыс ету және бекіту

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылғы 1 сәуiрден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентiне бекітуге табыс етедi.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Парламентiне табыс етедi.

7-бөлiм. Мемлекеттік қаржылық бақылау

27-тарау. Жалпы ережелер

131-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау туралы ұғым

Мемлекеттік қаржылық бақылау - бақылау объектiлерінiң республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы бойынша есеп пен есептiлiктiң орындалуы мен жүргiзiлуiне, олардың атқарылуын бағалауға, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуына, мемлекеттік мекемелердiң билiк етуінде қалатын тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаға, мемлекеттік гранттарға қатысты қызметінің бюджет заңнамасына сәйкестігін тексеру.

132-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) сыртқы бақылау - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң республикалық бюджеттi атқаруына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуына, мемлекеттік гранттардың тартылуы мен пайдаланылуына - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi жүзеге асыратын; жергілiктi атқарушы органдардың жергілiктi бюджеттердi атқаруына мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау;

2) iшкі бақылау - iшкi бақылаудың орталық уәкiлеттi органы мен мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау;

3) бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану - бюджет бағдарламасының паспортымен, мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiмен және бюджет бағдарламасы сәйкес жүзеге асырылатын нормативтiк құқықтық актілерімен көзделмеген шараларға бюджет қаражатын пайдалану;

4) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi - республикалық және жергілiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілiктi атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер мен бюджет қаражатын және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды басқа да алушылар;

5) iшкi бақылау қызметi - өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органның оның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқаруына қаржылық есеп бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның бөлiмшесi;

6) қаржылық есептiлiк - егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемiн бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті орган белгiлейтiн мемлекеттік мекемелердiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат.

28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың тұрпаттары, түрлерi,

қағидаттары мен мемлекеттік стандарттары

133-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың тұрпаттары

1. Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай тұрпаттарға бөлiнедi:

1) сәйкестiкке бақылау жасау - сыртқы және iшкi бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;

2) қаржылық есептiлiгiн бақылау - бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтылығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;

3) тиiмдiлiктi бақылау - бақылау объектiсiнiң республикалық немесе жергілiктi бюджеттердiң қаражатын пайдаланылуын, мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түскен ақшасын, мемлекеттік гранттарды пайдалануын тексеру және оларды пайдалануының үнемдiлiгiн, нәтижелiлiгін және өнiмдiлiгiн бағалау.

134-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлерi

Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:

кешенді бақылау - барлық бюджет бағдарламалары, жаппай әдiс бойынша бюджет процесiнде бақылау объектiсi қызметiн тексеру мен бағалау;

тақырыптық бақылау - бюджеттік қатынастардың жекелеген бағыттары бойынша бақылау объектiсi қызметiн тексеру мен бағалау;

үстеме бақылау - ақпарат алу не бақылау объектiсiне қатысты оны орнықтыру қажеттiгiне байланысты үшiншi тұлғалардың бақылауы. Үстеме бақылау негізгі бақылау объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша және тексерiлiп отырған мәселенiң қатаң шеңберiнде ғана жүргiзiледi.

135-бап. Қаржылық бақылаудың қағидаттары мен мемлекеттік стандарттары

1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргiзу - құпиялық режимiн қамтамасыз етудi ескере отырып, тәуелсiздiк, объективтiк, анықтылық, айқындылық, құзыреттiлiк және жариялылық қағидаттарын мiндеттi түрде сақтап жүзеге асырылады.

Тәуелсiздiк қағидаты - бақылау органдары мен олардың қызметкерлерiнiң тәуелсiздiгiне және олардың бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiнде жүргiзiп жатқан бақылау iс-шарасының тәуелсiздiгiне зиян келтіретiн кез келген түрдегi қол сұғушылыққа жол бермеу.

Объективтiк бақылау қағидаты - бақылауды қолданылып жүрген заңдармен, бақылау стандарттарымен қатаң түрде сәйкес жүргiзу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелерi бойынша ашылған және құжаттармен расталған фактiлер негiзiнде ғана шешiмдер қабылдау.

Бақылау нәтижелерiнiң анықтылық қағидаты - бақылау нәтижелерiн бухгалтерлiк, банкiлiк және бақылау объектiсiнiң өзге де құжаттарымен растау.

Бақылаудың айқындылық қағидаты - бақылау нәтижелерiн айқын жазу, бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентiне, өкiлдi органдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп берушiлiгi.

Құзыреттілiк қағидаты - бақылау органдары қызметкерлерiнiң бақылауды сапалы жүзеге асыруына қажеттi кәсiби білімдерi мен дағдыларының жиынтығы.

Жариялылық қағидаты - құпиялылық режимiн, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етудi ескере отырып, бақылау нәтижелерiн жариялау.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бiрыңғай талаптарды қаржылық бақылаудың мемлекеттік стандарттары белгілейдi.

3. Қаржылық бақылаудың мемлекеттік стандарттарын, мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерi этикасының кодексiн iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әзiрлеп, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi бекiтедi.

4. Бақылаудың мемлекеттік стандарттары барлық мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мен олардың қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндетті болып табылады.

136-бап. Мемлекеттік органдардың бақылау нәтижелерi бойынша қабылдайтын актілері

Бақылау нәтижелерi бойынша, оны жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мынадай актiлердi қабылдауға құқылы:

1) қорытынды - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау жүргiзу актілері негiзiнде жасалған құжаты;

2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетiнiң қаулысы - Республикалық бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есеп комитетi отырысында алқалы негiзде қабылданған және бақылау нәтижелерi бойынша оның барлық актілерінiң қолданылуын растайтын құқықтық актi. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінiң нормативтiк сипаты бар қаулылары белгiленген заң тәртібімен мемлекеттік тiркелуге тиiс.

Қаулының қабылдану тәртібі Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ережемен реттеледi.

3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағындағы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың орындауына мiндеттi, тексеру комиссиясының отырысында қабылданған нормативтiк құқықтық акт;

4) ұсыныс - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы, құқық қорғау органдары мен соттарға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауапкершiлiкке тарту мәселелерi бойынша жiберiлетiн құжаты;

5) нұсқама - мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы өз құзыретi шегінде қабылдаған және ұйымдарының лауазымды адамдарына мiндеттi түрде орындауға жiберiлген, бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктердi жою туралы белгiленген нысандағы құжат;

6) бақылау жүргiзу актiсi - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;

7) бақылау жүргiзiлгенi туралы есеп - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде жүргiзiлген бақылау жұмысының нәтижелерiн сипаттайтын құжат.

29-тарау. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері

137-бап. Мемлекеттік сыртқы бақылау органдары

Республикалық деңгейде сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi болып табылады.

Жергiлiктi деңгейде сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мәслихаттардың тексеру комиссиялары болып табылады.

138-бап. Мемлекеттік сыртқы бақылау органдарының өкiлеттiктерi мен құқықтары

1. Республикалық бюджеттегi атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынады және есеп бередi.

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президенті бекiтедi.

2. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi:

1) Қазақстан Республикасының Президентiне Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнің жұмысы туралы тоқсан сайын ақпарат бередi;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің республикалық бюджетiн атқарылуын бақылауды талдауға, қорытындыларына және нәтижелерiне, салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiне, бюджет қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына байланысты мәселелер жөніндегі тапсырмаларды, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларын орындайды;

3) Қазақстан Республикасының Парламентiне 1 маусымға дейiнгі мерзiмде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы, өзiнiң мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi жөнiнде қорытынды болып табылатын және Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиiс есеп бередi;

4) республикалық бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылау жөніндегі орталық бақылау органы табыс еткен бақылау жүргiзу актілерін талдайды және республикалық бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсынымдар бередi;

5) сыртқы бақылау объектiсiнiң лауазымды адамдарының республикалық бюджет қаражатын пайдаланудағы iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi;

6) мемлекеттік бюджет саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;

7) мемлекеттік органдардың республикалық бюджеттің түсiмдерi мен шығыстарының көлемi, құрылымы және мақсатты тағайындалуы бойынша уақтылы атқарылу мәселелерi бойынша қызметiн бақылауды жүзеге асырады;

8) республикалық бюджет шығыстарының тиiмдiлiгi мен нәтижелілігін айқындайды;

9) сыртқы бақылау саласында кадрлардың біліктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады.

4. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегi есеп комитеті:

1) республикалық бюджет есебiнен қамтылған мемлекеттік мекемелердiң Қазақстан Республикасының бюджет заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінiң талаптарын орындауын; республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) орындалуын және кредиттердiң, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуын; барлық меншiк нысанындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың республикалық бюджет түсiмдерiнiң толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз етуге және бюджет қаражатын пайдалануға қатысты қызметiн; республикалық бюджеттен мемлекеттiң мiндеттемелерiн өтеуге арнап бөлiнген қаражатты бақылауды жүзеге асыруға;

2) республикалық бюджеттiң есебiнен қамтылған мемлекеттік мекемелердiң қаржылық есебiн бақылауды жүзеге асыруға;

3) республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;

4) республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) атқарылу тиiмдiлiгі мен нәтижелiлiгiне баға беруге;

5) мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалардың iске асырылуының экономикалық тиiмдiлiгiне баға беруге;

6) бюджеттік инвестицияларды бақылауды жүзеге асыруға;

7) республикалық бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуы бойынша ұсыныстар әзiрлеуге және енгізуге;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметінен, мемлекеттік органдардан, сондай-ақ республикалық бюджет қаржыландыратын басқа да сыртқы бақылау объектiлерiнен республикалық бюджет қаражатының түсуi мен пайдаланылуының толықтығына қатысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен ақпарат сұратуға және алуға;

9) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерi бойынша сыртқы бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының есептерiн тыңдауға;

10) Қазақстан Республикасының Президентiне Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетi анықтаған, сыртқы бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамауы фактілері бойынша ақпарат енгізуге;

11) өзi белгiлеген мерзiмде мемлекеттік органдар мен сыртқы бақылау объектiлерiнен республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзу мәселелерi бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға;

12) осы Кодекске және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес республикалық бюджет қаражатының мақсатсыз, заңсыз және тиiмсiз пайдаланылуын анықтау, жолын кесу және болдырмау жөнiнде шаралар қолдануға;

13) құпиялық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық бюджеттiң атқарылуы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы, мемлекеттік гранттарды тарту және пайдалану мәселелерiне қатысты құжаттармен кедергiсiз танысуға;

14) республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттік органдардың тиiстi мамандарын және қажет болған кезде республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып тәуелсiз аудиторлық ұйымдар мамандары мен сарапшыларды тартуға, iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi қызметкерлерiн жоспардан тыс тексерулерге тартуға жол берiлмейдi;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.

5. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:

1) өзiнiң мазмұны жағынан кейiннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жергiлiктi атқарушы органның есебi бойынша қорытынды болып табылатын жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептi белгiленген мерзiмде мәслихатқа бередi;

2) мәслихат пен әкiмдiкке жергiлiктi бюджет қаражатының мақсатсыз және тиiмсiз пайдаланылу фактілері, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттi пайдалану жұмысында орын алған кемшiлiктер туралы бақылау нәтижелерi бойынша ақпарат бередi;

3) iшкi бақылау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган табыс еткен жергілiктi бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылау жүргiзу актілеріне талдау жасайды;

4) iшкi бақылау объектiлерiнiң лауазымды адамдарының жергiлiктi бюджет қаражатын пайдаланудағы iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына бередi.

6. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:

1) жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң бюджет заңнамасын сақтауын, жергiлiктi бюджеттен берiлген қаражатты, оның iшiнде кредиттердi мақсатты пайдалануын; жергiлiктi бюджетке қаражат түсiмiнiң толық және уақтылы болуына және оларды пайдалануға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;

2) тиiстi жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң қаржылық есеп беруiн бақылауды жүзеге асыруға;

3) жергiлiктi бюджет қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;

4) құпиялық режимiн, заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпияны сақтауды ескере отырып, жергiлiктi бюджеттiң атқарылу мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысуға;

5) жергiлiктi мемлекеттік органдар мен жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктердi алуға;

6) жергілiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттік органдардың тиiсті мамандарын және қажет болған кезде жергiлiктi бюджеттен бұл мақсаттарға бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып тәуелсiз аудиторлық ұйымдар мамандары мен сарапшыларды тартуға;